Батыс Қазақстан облысындағы Бөкей ордасы ауданында тұратын Нұрлыбек Иманбаев автолотереядан ұтып алған Hyunday Accent көлігінің қаржысын түгелдей қайырымдылыққа жұмсады.
Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылында туып-өскен Нұрлыбек шекара қызметінде жұмыс істейді. Отбасылы, екі ұл, бір қыз өсіріп отырған азамат.
Нұрлыбектің автолотереядан ұтып алған көлігінің құны 7 млн 519 мың теңге екен. Сол қаржының бір бөлігін Алматыдағы қаңтар оқиғасында қаза тапқан Дәулет Жұпарбеков пен Мейірхан Бітімнің отбасына, тағы бір бөлігін оралдық үш жасар баланың еміне аударған. Енді бір бөлігі өзі туған Бисен ауылындағы мұқтаж жандарға бұйырыпты.
Бір қызығы, жомарт жігіт бұл ісін үлкен оқиға деп ойламайды. «Оңай жолмен келген олжа ғой» деп, осы әрекеті жария болуын да қаламаған. Айта кетейік, Нұрлыбектің өзінде жеке көлігі де жоқ екен.
Батыс Қазақстан облысы