• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Қаңтар, 2022

Мұрат Әйтенов халықтың арыз-шағымын тыңдады

322 рет
көрсетілді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Бозарық» шағын ауданы мен «Бозарық» саяжайының тұрғындарымен кездесіп, халықтың арыз-шағымын тыңдады, деп жазады Egemen.kz.

Қала әкімі кездесу барысында ондағы өзекті мәселелерді бірге талқылап, шешу жолдарын қарастырды. Орындалуы бойынша хаттамалық тапсырмалар берді.

Бұл елді мекен шағын аудан және саяжай болып бөлінеді. Бозарық шағын ауданында 16 мыңнан астам тұрғын бар.

Аталған елді мекендер сапалы электр жарығымен толығымен қамтылған болса, ауыз сумен 97 пайыз, көгілдір отынмен 88 пайыз қамтылған. Қалған үйлерді толығымен қамту үшін биыл ЖСҚ-сы әзірленуде.

Тұрғындар қала басшысына көшелерге ирригациялық арық орнату, асфальт төсеу, жер телімдерін заңдастыру және интернет сапасын арттыру сынды мәселелерін жеткізді.

Қала басшысы интернет сапасын жақсарту бойынша цифрландыру басқармасына зерделеу жұмыстарын жүргізуді, аудан әкіміне «Ұста-Мұхаммед» көшесіне ирригациялық арықты осы жылы орнатуды тапсырды. Ал жерді заңдастырудың заң аясында шешілетінін айтты.