• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Тағайындау 31 Қаңтар, 2022

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды

275 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының Өкімімен Айнұра Қамидуллақызы Серғазиева Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Айнұра Серғазиева 1991 жылы туған.

«Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша білім алған.

Техника және технология бакалавры, техника ғылымдарының магистрі.

2010 жылдан 2013 жылға дейін - «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ орта-оқу біліктілігінің маманы;

2013 жылдан 2015 жылға дейін - «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ жоғары оқу біліктілігінің маманы/тәрбие жұмысын үйлестіру және әдістемелік қамтамасыз ету секторының меңгерушісі;

2016 жылдан 2018 жылға дейін - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ маманы/жетекші маманы;

2018 жылдан 2022 жылға дейін - «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ: жобалардың бас менеджері/бағдарламалар менеджері, «мемлекеттік бағдарлама» бағытының жетекшісі, жауапты хатшы, басқарушы директор.