• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Ақпан, 2022

Жеңілдетілген автонесие қайта жалғасады

2836 рет
көрсетілді

Отандық автомобильдерді халыққа қолжетімді ету үшін Индустрия және инфра­құрылымдық даму министрлігі жеңілдікпен несие беру бағдар­ла­ма­сы­на бюджеттен қосымша қаражат бөлу мәселесін пысықтауда.

Президенттің тапсырмасы бойынша халыққа жеңілдікпен автонесие берудің жаңа бағдарламасы әзір­ленеді. Қазіргі уақытта бағдар­ла­маны қайта іске қосудың бірнеше нұсқалары қа­растырылып жатыр. Мәселен, көпбалалы отбасы­лар­ды, күш құрылымдары қыз­мет­кер­ле­рін, дәрігерлер мен мұға­лім­дер­ді қолдау жөнінде кіші бағ­дар­ла­ма қосу ұсынылады. Сондай-ақ «Бі­рін­ші отбасылық автомобиль» кіші бағ­дарламасын қосу мүмкіндігі қарас­ты­рылған.

Айта кетелік, жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы 2015 жылы іске қосылды. Бұл 20 жылға есептелген және «револьверлік» әдіске негізделген. Қаржыландырудың жалпы шегі – 82 млрд теңге. Бағдар­лама іске асырылған сәттен бастап револьверлік қайтарымды қаражатты ескере отырып, 159 млрд теңгеге 30 525 қарыз берілді. Қазірдің өзінде 80 мыңға жуық адам отандық авто­көліктерді сатып алған.

Жеңілдікпен автонесие беру бағдарламасының шарттарына келсек, 1 жеңіл автокөлік құны – 15 млн теңгеден, несие мерзімі – 7 жыл­дан, соңғы қарыз алушы үшін но­ми­налдық сыйақы мөлшерлемесі жыл­дық 4%-дан аспауға тиіс. Соңғы қа­рыз алушы ЕДБ алдындағы несиесін өтеген кезде қайтарылған қаражат есебінен отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушыларға қайта несие беріледі.

Бүгінгі таңда осы бағдарламамен сатып алу үшін елімізде құрас­ты­рылған: Hyundai, KIA, JAC, Chevrolet және LADA сияқты автомобильдер қол­жетімді.