• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
19 Наурыз, 2014

Ұлықтау рәсіміне қатысты

263 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы елшісі және елшілік қызметті Чили Республикасында қоса атқарушы Бақытжан Ордабаев Қазақстан Үкіметі атынан Чили президенті Вероника Мишель Бачелет Херианың ұлықтау рәсіміне қатысты. Билікті тапсыру және ант беру рәсімі ел парламен­тарий­лерінің, шетелдік жоғары дәрежелі қонақтар мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Чилидің Ұлттық Конгресінде өтті. Б.Ордабаевтың Чилидің бұрынғы президенті С.Пиньерамен және жаңа сайланған президенті М.Бачелетпен хаттамалық кездесулері өтті. С.Пиньера ұлықтау рәсіміне қатысқаны үшін елші Б.Ордабаевқа алғысын білдірді. Ол Қазақстан Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Чилиге өткен жылғы ресми сапары мен елшінің тағайындалуы дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа құрылған екіжақты қатынастар тарихындағы маңызды оқиға екенін атап өтті. Ұлықтау шарасы шеңберінде өткен қысқа кездесу барысында М.Бачелет қазақстандық елшіге өзінің осы лауазымға ресми кірісуіне орай өткен шараларға қатысқанына алғысын білдірді. Б.Ордабаев Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың атынан президенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты М.Бачелетке жолдаған құттықтау хатын тапсырып, Қазақстан Чилимен екіжақты үнқатысуды одан әрі жалғастыратынын атап көрсетті. Ал Чили президенті Қазақстан-Чили қатынастары достық және өзара мүдделестік тұрғысында дамитынына сенімін білдірді. «Егемен-ақпарат».