• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Тарих 01 Ақпан, 2022

Кісе белбеу

981 рет
көрсетілді

Елордадағы Сәкен Сей­фуллин музейінде ақын­ның арғы атасы Тоқа-Кү­шікбайға тиесілі Кісе бел­беу сақталған.

Бұл құнды жәдігер мұра­жайға дейін Жаңаарқа ауда­нындағы Сәкен ауылында Жақып деген кісінің қолында болған. Кісе белбеу − күміспен безендіріліп, қалташалар са­лынған жалпақ былғары және қайыстан жасалып, екі қабат етіліп тігілген. Таза күмістен жасалған пышағы мен екі басына қапсырма салынған. Онда іліп өткізіп қоятын был­ғары төртбұрышты қалта бар, оны қару-жараққа немесе бас­қада қажетті ұсақ-түйектерді салу үшін пайдаланады. Оған қал­тамен қосымша оқшантай, кішкене сопақша дорба және пы­шақ, қанжар салатын қынап тағылады.

Бұрынғы заманда кісе белбеу – адамның әлеуметтік дә­режесін танытып қана қой­май, әдемі бұйым ретінде де той-томалаққа тағып бара­тын бағалы зат саналды. Адам­дар оны барқыттан, оқа жіп­тер­мен кестелеп, алтын, маржан тастардан көз салдырып жа­сатқан.

Қазақы дәстүрде Кісе бел­беудің ерекше орны бар, оның жасалуы да сан қырлы болып келеді. Ол бір шебердің туын­дысы ғана емес, ұлттық болмы­сымыздың ғажайып кел­бетін айшықтайды.