• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Ақпан, 2022

Министр өңірлердің бас имамдарымен кездесті

315 рет
көрсетілді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының шақыруымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өңірлердегі имамдарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Басқосу барысында Министрлік пен ҚМДБ-ның бірлесіп атқаратын жұмыстары бойынша сындарлы пікір алмасу болды. Дін саласындағы қызметкерлер министрге көкейде жүрген өзекті сауалдарын қойып, қоғамдағы радикалды діни идеологияның таралуына қарсы іс-қимыл мәселелері жан-жақты зерделенді.   Асқар Омаров Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы имамдарының жастарды рухани құндылықтар мен адамгершілікке тәрбиелеуде, сондай-ақ ел мұсылмандарын деструктивті сипаттағы түрлі көзқарастардың әсерінен қорғаудағы үлкен рөлін атап өтті.   «Қасіретті қаңтар» оқиғасы кезінде Бас муфтиден бастап, ҚМДБ-ның өңірдегі бас имамдары халықты сабыр мен тыныштыққа шақыру бойынша табанды еңбек еткендеріңіз үшін, сіздерге өзімнің шынайы алғысымды білдіремін. Бұл - ел алдында баршамызға жүктелген жауапкершілігі жоғары іс-әрекет деп танимын», деді ведомство басшысы.   Өз кезегінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл «Ислам - бейбітшілік пен ынтымақтастық діні» тақырыбы аясында ақпараттық-ағартушылық жұмыстың жеті бағыты бойынша іс-қимыл бағдарламасын қабылдағанын айтты.   Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жаһандық трендтерге сәйкес ағартушылық қызметтегі өзара іс-қимылды арттыруға және ақпаратты таратудың тиімді әдістерін пайдалануға дайын екендерін жеткізді.