Елордада ұн тарту кәсіпорындарынан жеңілдетілген астық алу үшін өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі 1-сұрыпты ұннан жасалған нан бағасын тұрақтандыру аясында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-дан жеңілдетілген астық алу үшін елорданың ұн тарту кәсіпорындарынан өтінімдер қабылдауды бастайды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Конкурсқа қатысу үшін «Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ-ге мынадай құжаттар тапсыруы тиіс:
- заңды тұлғаның жарғылық құжаттарының көшірмелері;
- жеке немесе жалға алынған қоймалар мен элеваторлардың болуы, сақтау және қайта өңдеу көлемі туралы құжат;
- мекенжай бойынша берешектің бар/жоқ екені туралы банктен анықтама:
Құжаттарды мына мекенжайға тапсыру қажет: Бейбітшілік көшесі 11, №113 кабинет, байланыс телефоны: +7 (7172) 550141.