• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 01 Ақпан, 2022

Сәбіз экспортына салынған тыйым тоқтатылды

507 рет
көрсетілді

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсынысымен ақпан-сәуір аралығында сәбіз экспортына салынған тыйым тоқтатылды, деп жазады Egemen.kz.

«Сәбіз экспортына тыйым салыну бірінші кезекте аталған өніммен ішкі нарықты толтыру, халықты аталған өніммен қолжетімді бағада қамтамасыз ету мақсатында енгізілді. Бұл ретте, көкөніс сақтау қоймаларына жүргізілген скрининг республикадағы сәбіздің қоры 242,9 мың тоннаны екенін анықтады. Оның 70%-ы жеке қосалқы шаруашылықтардың қолында. Азық-түлік тауарларының рационалды тұтыну нормаларына сәйкес, ақпан-сәуір айларында қазақстандықтарға 144,7 мың тонна сәбіз қажет. Яғни, қамтамасыз етілу 241% деген сөз немесе 98,1 мың тонна сәбіз артық. Осы жайт және сәбізді сақтаудың оңтайлы мерзімінің қысқалығы экспорт тыйымын жоюға мүмкіндік береді», делінген АШМ таратқан түсіндірмеде.