Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен алғаш рет «Қазақстан халқы ертегілері» атты Қазақстан этностарының халық ертегілері жинағы жарық көрді.
Аталған жинақ мемлекеттік тілде екі томда шығарылды және 4-7 мен 8-11 жастағы балаларға арналған. Кітапқа еліміздің 25 ірі этносының 114 халық ертегісі енді, оның ішінде орыс, өзбек, корей, неміс, чешен, ингуш және басқа да этностардың ертегілері бар.
Жобаны дамыту шеңберінде «Қоғамдық келісім» РММ қоғамдық белсенділердің қолдауымен «Ертегілер әлемі» аудиоподкастын бастады, бастама аясында ертегілер дыбысталып, аудионұсқалары YouTube видеохостингіне жүктелді және iOS, Android мобильді жүйелерінің негізінде жұмыс істейтін танымал аудио-алаңдарда орналастырылуда.
Қазіргі уақытта ертегілердің төрт аудиожазбасы жарияланды.