• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 02 Ақпан, 2022

Стерлинг қарсыласын кемсітіп сөйледі

209 рет
көрсетілді

Аса жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Алджэмейн Стерлинг ұйымның уақытша чемпионы, ресейлік Петр Ян туралы тағы бір жазба қалдырды. Бұл жолы АҚШ спортшысы қарсыласын кемсітіп сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап. 

«Четр (спортшының Петр деген есімін бұрмалап) менен қатты қорқады», деп жазды ол твиттерде. Жалпы Стерлингтің әлеуметтік желілерге қарсыласының суретін жүктеп, оны кемсіте сөйлеуі бір бұл емес. Ол бұған дейін де бірнеше мәрте қарсыластарының шамына тию үшін осындай әрекеттерге барған еді. Ал екі спортшы арасындағы шайқас UFC 273 турнирі аясында 9 сәуірде өтеді деп жоспарланған.