Бірінші ауыр салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүрген ресейлік кәсіпқой боксшы Евгений Тищенко WBA тұжырымы бойынша әлемнің тұрақты чемпионы атағына таласатын мүмкіндікке ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Боксшы бұған дейін бірінші ауыр салмақта WBC International белдігін жеңіп алған болатын. Енді ол келесі жекпе-жегінде Рияд Мерхиге қарсы шаршы алаңға көтеріліп, WBA Regular белдігін ұтып алуға күш салмақ. Әуесқой рингте Рио Олимпиадасының чемпионы атанған былғары қолғап шеберін қазақстандық жанкүйерлер жақсы таниды. Ол төртжылдықтың басты додасының финалында отандасымыз Василий Левитке қарсы шаршы алаңға шыққан. Аталмыш жекпе-жекте Тищенко қазақстандық боксшыдан таяқ жегеніне қарамастан, төрешілер ресейлікті жеңімпаз деп таныған еді.