• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Ақпан, 2022

Лифт батырмасын аяқпен тепкен фельдшерге айыппұл салынды

190 рет
көрсетілді

Елордадағы тұрғын үйлердің бірінде лифт батырмасын аяқпен теуіп басқан фелдьшерге 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. «Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жедел жәрдем қызметкерінің киімін киген адамның «Ақ дидар» тұрғын үй кешенінде лифт панелін аяқпен басып, лифт шақырған видеосы табылды.

Полицейлер видеодағы жігіттің 24 жастағы фельдшер екенін анықтады. Оның үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімі бойынша тәртіп бұзушыға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды», деп жазылған мәліметте.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті тұрғын үй-жайларды бүлдіру және айналадағыларға құрмет білдірмеу, қоғамдық тәртіпті бұзатын басқа да әрекеттер жауапкершілік арқалататынын ескертіп отыр.