• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 03 Ақпан, 2022

Коронавирус пен пневмония: тағы 23 адам қайтыс болды

305 рет
көрсетілді

Қазақстанда коронавирустан бір тәулікте 23 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Қайтыс болғандар арасында 17 адамда коронавирус, 6 адамда СOVID-19 белгілері бар пневмония болған.

3-ақпандағы жағдай бойынша коронавирустан 126 829 адам (125 631 КВИ+ және 1 198 КВИ-) емделіп жатыр, оның ішінде 10 192 науқас стационарда, 116 637 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

434 науқастың жағдайы ауыр,174 науқастың жағдайы өте ауыр,84 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.