ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында депутаттар Ғалымжан Пірматовтың Ұлттық банк басшысы қызметіне ұсынған кандидатурасын қолдады, деп хабарлайды Egemen.kz,
Президенттің Ұлттық банк басшысын тағайындауына келісім беру Сенаттың ерекше қарауына жатады.
Депутаттар Мемлекет басшысы ұсынған Ғалымжан Пірматовтың Ұлттық банк төрағасы болып тағайындалуына кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Ғалымжан Пірматов бұған дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарған.
Еңбек өтілі:
«Алтын-Тас» БК қаржы директоры (1994-1998); «Минарет Групп Секьюритиз» корпоративтік қаржыландыру департаментінің директоры (1998-1999); AIG Silk Road Capital Management инвестициялық директоры (1999); «AES КиевОблЭнерго» компаниясының қаржы директоры (2002-2003); «AES Украина» компаниясының коммерциялық директоры (2003-2004); «Almaty Power Consolidated» АҚ Бас директорының экономика жөніндегі орынбасары (2004); Жобалық қаржыландыру басқармасының бастығы, Басқарушы директор - «Халық Банкі» АҚ инвестициялық банкинг департаментінің директоры (2005-12.2007); ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау Вице-министрі (21.12.2007-20.03.2009); «БТА Банкі» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары (Қазақстан) (03.2009-13.07.2009); «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі Вице-президенті (07.2009-2011); Cameco Kazakhstan компаниясының президенті (2011-2015); ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (12.2015-08.2017); «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы (08.2017-02.09.2021).