• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Ақпан, 2022

Қоқыс жәшігіндегі мәйіт: Полиция күдіктіні ұстады

334 рет
көрсетілді

Шымкент қаласындағы қоқыс контейнерлерінің бірінен әйелдің денесі табылған болатын. Полиция күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық полиция департаменті хабарлағандай, аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу тобы құрылып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

«1970 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды. Ол өз кінәсін толық мойындады», деп жазады ПД баспасөз қызметі.

Ведомство қазіргі уақытта қылмыстық іс тергеу сатысында екенін атап өтті.