• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 03 Ақпан, 2022

Усик-Джошуа жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

438 рет
көрсетілді

WBA, WBO, IBF, IBO тұжырымдары бойынша аса ауыр салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, украиналық Александр Усик пен ұлыбританиялық Энтони Джошуа арасындағы қарымта жекпе-жектің уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Fightnews.info-ға сілтеме жасап. 

Бұл туралы ұлыбританиялық былғары қолғап шеберінің промоутері Эдди Хирн хабарлады. «Жекпе-жек шамамен мамыр айында өтетін болды. Екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы Сауль Альварес жобамен 6-7 мамыр күні рингке көтеріледі. Сондықтан біз басқа датаны таңдаймыз», деді ағылшын промоутері.