• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 03 Ақпан, 2022

200 млн теңгеден айырылған жігіт лоторея клубын өртеп жіберді

561 рет
көрсетілді

Бейнеу тұрғыны лоторея клубын өртеп, оны видеоға түсірген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол ойын клубын өртемес бұрын іштегі адамдарды сыртқа шығарған.

- Мен террорист емеспін, адамдарды өлтірмеймін, - деді ол.

Оқиға туралы Бейнеу ауданы ІІБ 102-ПБ кезекшісінің пультіне сағат 11:00 шамасында қоңырау түскен. Оқиға орнына жеткен полицейлер ер адамды ұстады.

Бейнеу аудандық полиция бөлімінің мәлімдеуінше, 36 жастағы ер адам кінәсін мойындады. Сондай-ақ ол WhatsApp мессенджерінде Loto ойын клубын қалай өртеп жіберетіні туралы видео таратқанын айтты.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.