Солтүстік Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасынан ерлі-зайыптылар қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, апат Есіл ауданы Волошинка ауылының маңында болған. 32 жастағы «Ford Focus» көлігінің жүргізушісі мас күйінде екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Шетелдік көліктің жүргізушісі оқиға орнында ұсталды.