• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Теннис 04 Ақпан, 2022

Ширек финалға шықты

196 рет
көрсетілді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 35-ракеткасы Александр Бублик Монпелье (Франция) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты.

Осы жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген А.Бублик екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 113-сатыда тұрған франциялық Пьер-Юг Эрбермен күш сынасты. Бірінші партияда екі брейк жасаған қазақстандық теннисші басымдық танытты – 6:3. Ал екінші сеттегі тай-брейкте Эрбердің асығы алшысынан түсті – 7:6 (7:2). Үшінші, шешуші партияны А.Бублик брейкпен бастады – 2:0. Тағы бір брейк – 5:2. Содан кейін матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:2. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты бәсеке барысында қазақстандық спортшы 11 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың алтауын өз есебіне жазды. А.Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің 19-шы, осы доданың 2-ракеткасы, испаниялық Роберто Баутиста-Агутпен кездеседі.