• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Ақпан, 2022

Қару-жарақ жасырылған қоймадан қазақстандық көліктің нөмірі табылды

608 рет
көрсетілді

Қырғызстанда қару-жарақ жасырылған қоймадан қазақстандық көлік нөмірі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Sputnik Кыргызстан сайтына сілтеме жасап.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, Шу облысында қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылған. Құпия орыннан ойық атыс қаруы, бөлшектелген Макаров тапаншасы, Калашников автоматынан 5,45 және 7,62 миллиметр калибрлі бірнеше оқ-дәрі және Макаров тапаншасынан 9 миллиметр оқ-дәрі, қазақстандық көлік нөмірі (KNB 13), сондай-ақ, қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды дайындауға арналған заттар табылды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қылмыс жасау үшін қару-жарақ пен оқ-дәрілер дайындалған. Бүгінде бұл істі ұйымдастырғандар анықталып жатыр.