ТАСС ақпараттық агенттігі Brent маркалы мұнай фьючерсінің құны лондондық ICE биржасында 1,08%-ға өсіп, барреліне 92,09 долларға жетті деп мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Бүгін сауда алаңдарында мұнай бағасы барреліне 92,1 доллар болып тұр.
Соңғы рет Brent маркалы мұнай бағасы 2014 жылдың қазанында барреліне 92 доллардан асқан.