• RUB:
    5.47
  • USD:
    475.18
  • EUR:
    510.72
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Ақпан, 2022

Бейжіңдегі келіссөз: Путин мен Си Цзиньпин не туралы сөйлесті?

396 рет
көрсетілді

Ресей президенті Владимир Путин мен Қытай басшысы Си Цзиньпин Бейжіңде келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Kremlin.ru ақпараты бойынша Си Цзиньпин Пекин мен Мәскеу арасындағы саяси және стратегиялық өзара сенім «күшейе түсуде» деген пікір білдірді.

Владимир Путин Ресей мен Қытай арасындағы қарым-қатынас екіжақты қатынастарды дамытудың жақсы үлгісі екенін, олар бұрын-соңды болмаған сипат алып,екі ел бір-бірінің дамуына көмектесетінін атап өтті.

Ресей мен Қытай Қиыр Шығыстан газ жеткізуге жаңа келісімшарт жасасты. Шартқа сәйкес жеткізу көлемі жылына 10 млрд текше метрді құрайды.

Сондай-ақ, ресейлік мұнайшылар Қытайға көмірсутектерді жеткізу бойынша жаңа келісімдер дайындады.

Кездесу барысында құжаттарға қол қойылды.