4 ақпандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР-да коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-арнасына сілтеме жасап.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта: Жамбыл, Маңғыстау облыстары.
«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Қызылорда, Түркістан облыстары.