Республикалық маңызы бар Тауынсор мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалының аумағын азайту туралы
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Республикалық маңызы бар Тауынсор мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалының аумағы 3350 гектарға азайтылсын. 2. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 қарашадағы № 1074 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 42, 457-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізбесінде: «Қостанай облысы» деген бөлімде: реттік нөмірі 67-жол мынадай редакцияда жазылсын: 67 Тауынсор мемлекеттік табиғи(зоологиялық) қаумалы 31650 Қамысты ауданы Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
•
20 Наурыз, 2014
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №91
266 рет
көрсетілді