4 ақпан күні Ақтөбе қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінде өрт шықты. Жалын шыққан үйден 13 адам құтқарылып, 60 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«4 ақпанда Ақтөбе облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне Ақтөбе қаласының 11 шағын ауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Шақыру орнына келгеннен кейін өрт 1 қабатта пайда болғаны және 15 шаршы метр алаңда сөндірілгені анықталды. ТЖМ қызметкерлері жоғарғы қабаттардан қатты түтіндеу нәтижесінде баспалдақ маршы арқылы 13 адамды, оның ішінде 5 баланы құтқарды. Сондай-ақ 60 адам, оның ішінде 9 бала эвакуацияланды. Өрт орнында 1963 жылы туған ер адамның денесі табылды», деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.