• RUB:
    5.01
  • USD:
    492.14
  • EUR:
    528.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Ақпан, 2022

Ақпарат министрлігі Әбдіжәміл Нұрпейісовтің отбасына көңіл айтты

375 рет
көрсетілді

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі еліміздің көрнекті жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері – Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтың қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен  жақындарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүкіл саналы ғұмырын ұлт руханияты жолына арнаған Әбдіжәміл Нұрпейісов дарынды қабілетімен, қарымды қаламгерлік қырымен қазақ әдебиетіне мол рухани мұра қосып, артына мазмұны тозбас мәңгі көркем шығармашылық дүниелер қалдырды.

Ағамыздың азаматтық болмысы, жарқын бейнесі, ел тәуелсіздігі жолында атқарған еселі еңбегі қатары көп қалың оқырмандарының есінде мәңгілік сақталатын болады.

Марқұмның жатқан жері жарық, топырағы торқа болып, нұры пейіште шалқысын», делінген министрлік хабарламасында.

Бүгін 16:35-те «Qazaqstan» және 14.30, 19.30-да «Abai tv» телеарналарынан жазушының көзі тірісінде түсірілген «Тұлға» хабары көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар