• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Ақпан, 2022

Алматы облысындағы көлден екі адамның денесі табылды

435 рет
көрсетілді

Балқаш ауданы Құйған ауылының екі тұрғыны Жамбыл облысының Шығанақ ауылына қарай мотоциклмен шығып, із-түссіз кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 37 және 35 жастағы ер адамдар соңғы рет 3 ақпанда байланысқа шыққан. Олардың бірі әйеліне хабарласып, өздерінің адасып кеткенін айтқан.

Келесі күні олардың денесін Балатопар ауылынан 25 шақырым қашықтықтағы Құйған ауылының тұрғындары Балқаш көлінен тапты, мотоцикл көлге батып кеткен.

Жағдайдың себептері анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қазіргі уақытта көлдегі мұздың қалыңдығы - 3-5 сантиметр.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан сақтық шараларын сақтауды және қатпаған, жұқа мұз бетіне шықпауды сұрайды.