Хорватия Республикасы мен Қазақстан Республикасы әрқашан достас елдер болған және болашақта жақсы саяси, мәдени және экономикалық қатынастарды сақтайды.
Сондықтан біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және жаңа Үкіметке өткен айда орын алған оқиғалардан кейін Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының игілігі үшін ахуалды және әлеуметтік-экономикалық жүйені тұрақтандыру жөніндегі күш-жігерін батыл қолдайтынымызды білдіргіміз келеді. Біз Президент Қ.Тоқаевқа және бүкіл Қазақстан халқына қаңтар оқиғасында қаза тапқандарға байланысты қайғырып, көңіл айтамыз. Қазақстан халқының қауіпсіздігі, сондай-ақ демократиялық процестер мен экономикалық игілік қауіптің барлық түрінен қорғалуға тиіс.
Біз Қазақстан Республикасын бейбітшілік, демократия және адам құқықтары қорғалатын ел ретінде қарастырамыз. Барша қазақстандықтарға рухани тұрғыда қолдау білдіреміз.
Ана ЕРКОВИЧ,
Дүниежүзілік Өнер және ғылым
академиясының мүшесі