• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Оқиға 07 Ақпан, 2022

Елордадағы тұрғын үйдің қаптауы өртеніп кетті

166 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтандағы «Жанұя» ТК 8-қабатынан 15-қабатқа дейінгі аумақта керамогранит астындағы қаптау жанып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТЖД өрт 6 ақпанда сағат 21.00-де болғанын мәлімдеді.

«Өрт сөндірушілер келген кезде 8-қабаттан 15-қабатқа дейін керамогранит астындағы қаптау жанғанын, сондай-ақ, 15-қабат балконында жалпы ауданы 23 шаршы метр құрылыс материалдары мен құрылыс қоқыстары жанып кеткені анықталды. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», делінген ведомство хабарламасында.