Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская-Шепоренко Бейжің Олимпиадасындағы жекелей жарысты 44-ші орынмен аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ол ату кезінде бір рет қателесіп, қорытынды есепте +5:19.6 (0+1, 0+0) нәтижесімен 44-ші орынға тұрақтады. Спортшымыз осы нәтижесінің арқасында із кесу жарысына жолдама алған 60 спортшының қатарына енді.
Биатлоншылар бәсекесінде германиялық Дених Херрман 44:12.7 (0+0, 1+0) көрсеткішімен бас жүлдені жеңіп алды. Екінші орынды +9.4 (0+0, 0+1) нәтижемен франциялық Анаис Шевалье-Буше қанжығасына байлады. Ал үздік үшінші орынға +15.3 (1+0, 0+1) қорытындысымен норвегиялық Марте Олсбю-Ройселанн ие болды. Жарысқа жалпы есебі 86 спортшы қатысты.
Айта кетейік, Олимпиада ойындарында 34 қазақстандық атлет спорттың 8 түрінен ел намысын қорғап жатыр.