• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Ақпан, 2022

Қамауға алынғандар арасында экстремистік ағымдардың өкілдері бар

612 рет
көрсетілді

Еліміздегі жаппай тәртіпсіздік кезінде тұтқындалғандардың қатарында Қазақстанда тыйым салынған экстремистік ағымдардың 35 өкілі бар екені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров мәлімдеді.

«Қазіргі кезде қамауға алынған азаматтар арасында тыйым салынған экстремистік ағымдардың 35 мүшесі бар екені нақтыланды. Мәселен, Алматы қаласында деструктивті діни ағымның қылмыстық бағыттағы бір топ мүшесі қолға түсті. Құрықтау кезінде  қолдануға дайын атыс қаруы бар екені мәлім болды. Олар өз әрекеттерін жақсылап жан-жақты жоспарға сай түзген», деді Ризабек Ожаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.