Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы Волошинка ауылы үлкен тас жолдың бойында орналасқан. Жол-көлік оқиғасы осы Волошинка ауылында болып, ерлі-зайыпты екі тұрғынды Ford Focus автокөлігінің жүргізушісі 3 ақпанға қараған түні ауыл маңындағы жолда қағып кеткен.
Жүргізуші оқиға орнында ұсталды. Куәландыру нәтижесі көрсеткендей, жүргізуші алкогольдік масаң күйде болған.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 345-1 бабының 4-бөлігі «Абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне алып келген алкогольдік масаң күйде көлік құралдарын басқарған адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 32 жастағы жүргізуші, Волошинка ауылының тұрғыны, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
Солтүстік Қазақстан облысы