ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар статистикасын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Оған сәйкес, 6 ақпан күні Қазақстан аумағында 9 сырқат - коронавирустан, тағы 3 адам - пневмониядан көз жұмды.
Коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың 3 -еуі Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары.
Шымкент қаласында - 2, Алматы қаласы мен Ақмола, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақтөбе, Павлодар, Қызылорда облыстарында - бір адамнан көз жұмған.
Еліміздің басқа өңірлерінде қайғылы жағдайлар тіркелген жоқ.