• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Ақпан, 2022

Әр жоба тұрғындар үшін тиімді болу керек – Мұрат Әйтенов

190 рет
көрсетілді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының есебін тыңдады. Жиында басқарма басшысы Б.Булатбеков биыл жоспарланған жұмыстар жөнінде баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Басқарма басшысы Шымкент қаласының 5 жылдық даму жоспарына сәйкес 2022 жылы салада 76 жоба жүзеге асырылатынын атап өтті. Бұл жобаларда ауыз су - 4, кәріз жүйесі – 14, электр – 14, табиғи газ – 15, жылу – 5, инженерлік инфрақұрылым – 24 нысан бар.

Атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде жыл соңында мегаполисті ауыз сумен қамту көрсеткіші 98%-дан 99%-ға, кәріз жүйесімен қамту 54%-дан 60%-ға, сапалы электрмен қамту деңгейі 97%-дан 99%-ға, табиғи газбен қамтылу көрсеткішін 93%-дан 94,7%-ға дейін көтеру жоспарлануда.

Ал, жылу желілерінің тозу деңгейі 37-ден 35%-ға төмендейді. Жобаларды жүзеге асыру барысында шалғай елдімекендерде баса назар аударылады.

Қала әкімі халықтың тіршілік етуіне басты қажеттілік инфрақұрылым жүйелері екенін айтып, сала басшысына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

«Аудандардағы тозығы жеткен электр желілерінің барлығын тексеріп, кестесін жасақтап, қадағалап отыру қажет. Әбден тозығы жетіп, аумақ жарықсыз қалған сәтте емес, алдын ала бағамдап, жөндеу жұмыстарын жасап отыру керек, жекеменшік нысандағы инфрақұрылым жүйелерінің сапасына да мән беріп, оларды тексеретін механизмнің жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет. Жобаның маңыздылығы - санында емес, халыққа тиімділігінің жоғары болуында», деді Мұрат Әйтенов.