• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Ақпан, 2022

Қазақстанда утиль алымы төмендейді

509 рет
көрсетілді

Кәдеге жарату алымы бойынша мөлшерлемелер қысқартылатын болады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ластаушы заттар шығарындыларын азайтуға, қалдықтар мен су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіруге, көлдерді қалпына келтіруге бағытталған шараларды іске асыру жалғасады. Автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасынан кәдеге жарату алымының мөлшерлемелері оларды айтарлықтай азайту жағына қарай қайта қаралуда», деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы ағынды суларды ағызу көлемін азайту, технологиялық қажеттіліктер үшін тұщы суды тұтынуды азайту және табиғи қоқыстардың санын азайту бойынша шаралар жүзеге асырылатынын айтты.

Мемлекеттік басқаруды жаңғырту шеңберінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің қайталануын және олардың толық интеграциялануын болдырмау үшін бірыңғай IT платформаға көшу қамтамасыз етіледі және мемлекеттік органдардағы процестер мен рәсімдердің реинжинирингі жүргізіледі.