• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 08 Ақпан, 2022

Әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды

157 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы ҰҚК 2022 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласындағы жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарына шабуыл жасады деген күдікпен бір топ адамды ұстады, деп жазады Egemen.kz.

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

«Тінту барысында олардан Калашников автоматы, оған 158 патрон, танкіге қарсы қол граната атқышына 1 ату және 3 снаряд, 2 граната, келте аңшы мылтығы және электрошокер табылып, тәркіленді», делінген хабарламада.

Ұсталғандардың бірі бұрын адам өлтіргені, қарақшылық және ұрлық жасағаны үшін сотталған.

Тергеу және жедел іс-шаралар жалғасып жатыр.