Қымбатты отандастар!
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңару мен жарасымды ынтымақтың, еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен молшылықтың арқауы болған әз Наурыз әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш әкелсін!
Наурыз – сонау көне заманнан тамырын тартқан, тарихи мазмұны терең, әлеуметтік-рухани мәні мен маңызы зор мейрам. Осы қасиетті мерекенің әр сәтінен ұлтымыздың болмысын, салт-дәстүріміздің айқын нақышын көреміз. Жақсылықтың жаршысындай болған атаулы күнді халқымыз ақ тілеудің, пәк пейілдің нышаны ретінде қабылдайды.
«Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі мәні – барша отандастарымыздың әл-ауқатының жыл сайын ұдайы артуы деп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, келіп жеткен жаңа жыл айтулы нәтиже мен ауқымды жетістіктерге толсын!
Ұлыстың ұлы күні елімізге, жерімізге құт-береке әкеліп, ізгілікті істер мен асқаралы армандарға бастасын!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болсын!
«Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесі.