• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 08 Ақпан, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге барады

506 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«10-11 ақпанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады.   10 ақпанда Мәскеуде Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Кездесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты стратегиялық серіктестіктің даму перспективаларын қарастырады.   11 ақпан күні Мемлекет басшысы Қазан қаласында Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездеседі және республикадағы бірқатар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралап көреді», делінген жазбада.