«Matchroom Boxing» промоутерлік ұйымының басшысы Эдди Хирн екінші орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Сауль «Канело» Альвареспен екі жекпе-жекке келісімшарт жасасуға жақын қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Vringe.com-ға сілтеме жасап.
Иә, егер Альвареспен келіссөздер сәтті аяқталса, Эдди Хирн «Канелоны» DAZN-да екі жекпе-жекке шығаруды көздеп отыр. Бірінші кезекте Хирн жартылай ауыр салмақтағы WBA (super) белдігінің иегері, ресейлік Дмитрий Бивол мен Сауль Альварес арасындағы кездесуді (7 мамыр) ұйымдастырса, 17 қыркүйек күні Альварес-Головкин трилогиясын ұйымдастыруды көздеп отыр. Екі шайқастың бюджеті 85 миллион долларды құрайды.