Бұған дейін екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы Сауль «Канело» Альвареске промоутер Эдди Хирн DAZN платформасында екі кездесу өткізу туралы келісімшарт ұсынғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.
Егер мексикалық кәсіпқой боксшы аталмыш ұсынысты қабыл алса, жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі Дмитрий Биволмен жұдырықтасқаны үшін 50, Геннадий Головкинмен үшінші рет шаршы алаңға шыққаны үшін 50 миллион доллар көлемінде табыс табады. Соған қарағанда Альварес келісімшарттан бас тартпайтын секілді.