• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Ақпан, 2022

Жастардың әскерге баруға ынтасы жоқ

1111 рет
көрсетілді

Үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында сенатор Бекболат Орынбеков әскери қызметке шақырумен байланысты жүйелі мәселелерге назар аударып, оларды шешу үшін бірқатар ұсыныс тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Депутат бұл мәселені қаңтар айында болған қайғылы оқиғадан кейін Мемлекет басшысы да Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде көтергенін атап өтті. Сенатор жолдаған депутаттық сауалында жастардың мерзімді әскери қызмет өткеруге деген ынтасы жоқ екенін айтады.

«Мәселен, 2021 жылы жергілікті әскери басқару органдарында 215 мың 105 адам мерзімді әскери қызметке шақырылуға тиіс болып, оның ішінен қарулы күштерге және басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға – 32 мың 064 адам шақырылды. Қалған 183 мың 041 адам немесе әскерге шақыруға жататын жастардың 85%-ы түрлі себептер бойынша әскерге шақырудан кейінге қалдырылды немесе толығымен босатылды», деп түсіндірді депутат.

Осыған орай, сенатор Үкіметке әскерге шақыру-есепке алу жұмысының сапасын жақсарту және жастарды әскери борышын орындауға ынталандыру үшін бірқатар нақты ұсыныстар жіберді.

«Мерзімді әскери қызмет өткерген жастарға қабылдау емтихандарын тапсыру кезінде қосымша балдар беруге, мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде техникалық және инженерлік-құрылыс мамандықтары бойынша оқытуды одан әрі жұмысқа орналастыру үшін ұйымдастыруға болады», деп қосты депутат.