Алматыда қоғам өкілдері Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаевамен бірге түрлі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, ҮЕҰ жұмысы, қоғаммен өзара іс-қимыл, мемлекеттік органдардың коммуникация сапасын арттыру, мемлекет басшысының негізгі бастамаларын іске асыруға жұртшылықты тарту, сондай-ақ мемлекеттік тілді түрлі салаларда қолдану мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғамның мемлекеттік тілге деген қатынасын талқылау - кездесудің маңызды сәттерінің бірі болды. Кездесуге қатысқан жұртышылық мемлекеттік тілді баршаға білу талабы кейде қазақстандықтарда бір мәнді емес реакция тудырады деген пікірге келді.
Лингвист Анар Фазылжанның пікірінше, тілдің сапалы жұмыс істеуіне бірнеше фактор кедергі келтіреді. Бұл қазақ тіліндегі контенттің сапасының төмендігі, оны түрлі саладағы мамандардың иемденбеуінің белгісі. Бүгінгі таңда латын әліпбиін қолдану ерекше назар аударуды талап етеді. Сол себептен бұл мәселеге бірыңғай стандартты енгізу қажет, деп есептейді филолог.
Анар Фазылжанның айтуынша, латындандыру - жаһандық үдерістердің бірі. Латын қарпі дәстүрлі графикамен қатар Қытайда, Әзірбайжанда және Азия құрлығының басқа елдерінде қолданылады. Елімізге «Мемлекеттік тіл туралы» жаңа заң қажет, онда мемлекеттік тілді білу - әрбір азаматтың парызы деп жазылғаны құба-құп болар еді, деп есептейді лингвист.
Сарапшылардың пікірінше, Алматы жұртшылығы үкіметтік емес сектордың енжарлығына алаңдаулы. Қазақстанда 22 мыңнан астам ҮЕҰ тіркелген. Алайда, олардың тек 5 мыңға жуығы белсенді жұмыс істейді.
«Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қуат жастарға қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бойынша бастама көтермейді, деп есептейді.
ҮЕҰ қызметінің тақырыбы Қазақ ұлттық университетінде жалғасын тапты.
«Мемлекеттік органдармен барлық бағыттар бойынша сындарлы диалог орнату қажет», деді Аида Балаева.
ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары алдағы сайлау наурыз айында қоғамдық кеңестердің белсенді атсалысуымен өтуі тиіс екенін атап өтті.
«Мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істеген кезде жұртшылықтың ұсыныстары тыңдалып қана қоймай, іске асырылатын болады», деп қосты Аида Балаева.
Кездесуде ақпараттық кеңістік те тағы бір қызу талқылаудың тақырыбына айналды. Қатысушылардың пайымдауынша, дәстүрлі БАҚ-қа қарағанда, блогерлер көбінесе тек өз пікірлерін білдіреді, ал кейде тексерілмеген ақпаратты да жариялайды.
Аида Балаеваның айтуынша, кездесуде айтылған барлық ұсыныстар мен идеялар зерделеніп, олардың ішіндегі ең сындарлы ұсыныстар іске асырылатын болады.