Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Санкт-Петербург WTA 500 турнирін жалғастыра алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Доданың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 42-орында тұрған чехиялық Тереза Мартинцовамен ойнауы тиіс еді. Алайда Е.Рыбакина денсаулығына байланысты матчқа келуден бас тартты. Осылайша ол жарыс жолынан шығып қалды.
Т.Мартинцова жартылай финалға шығу үшін өзінің отандасы, әлемнің 23-ракеткасы Петра Квитова немесе рейтингте 56-сатыдағы румыниялық Ирина Бегудің біреуімен таласады.