Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2022 жылы алғаш рет ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Рейтингте көш тізгінін Бельгия құрамасы қолға алса, Бразилия құрамасы екінші орынға орныққан. Үздік үштікті Франция құрамасы түйіндеп тұр. Ал Қазақстан құрамасы бір саты төмен сырғып, 120 орынға тұрақтаған. Посткеңестік елдердің ішінде Украина құрамасы топ бастаған. Аталмыш елдің ұлттық құрамасы 27 орынға табан тіреген.