Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде Ресей Президенті Владимир Путинмен өткен келіссөздерді қорытындылап, Ресейлік компаниялар Қазақстан экономикасының жетекші инвесторларының бестігіне кіретіні айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Өзара тиімді ынтымақтастықтың зор әлеуетін ескере отырып, саяси, экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге өзара ұмтылысты растады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған бірлескен мәлімдемеде.
ҚР Президенті атап өткендей, тараптар өзара сауданың оң қарқынын сақтауға келісті.
«Шынында да, карантиндік шараларға қарамастан, өткен жылы ең жоғары нәтижеге қол жеткізілді, сауда көлемі 21 млрд доллардан асты. Ресейлік компаниялар Қазақстан экономикасының жетекші инвесторларының бестігіне кіреді. Бұл компаниялардың салымы 17 млрд доллардан асты», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске сала кетсек, бүгін Мәскеуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізді, оның барысында екі елдің көпжоспарлы стратегиялық әріптестігін дамыту перспективалары қаралды.