• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 10 Ақпан, 2022

Президент Ресеймен арадағы жобаларды жеке бақылайтынын айтты

323 рет
көрсетілді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөздер барысында қол жеткізілген негізгі уағдаластықтар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстанда Ресей шетелдік капиталы бар кәсіпорындар саны бойынша сөзсіз көшбасшы болып табылады. Олардың әр үшіншісі ресейлік компаниялардың қатысуымен құрылған, жалпы инвестициялық портфельді барлық салалар ұсынады. Біз өндірістік кооперацияны кеңейту перспективасының егжей-тегжейін талқыладық», деді Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөздерден кейінгі брифинг барысында.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл бағытта көршілес елдер 13 ірі жобаны аяқтады, сондай-ақ,  2,5 млрд доллардан астам сомаға 8 жобаны іске асыру сатысында.

«Тағы 11 жоба пысықталуда. Жалпы инвестиция көлемі 1,5 млрд долларды құрайды. Келіссөздер барысында Владимир Владимировичке осы жобалардың барлығы менің жеке бақылауымда болатынын және олар жаңа жұмыс орындарын құруға, елдеріміздің өнеркәсіптік, технологиялық әлеуетін нығайтуға бағытталатынын хабарладым», деді Мемлекет басшысы.