Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. «Қызыл» аймақта 8 өңір қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
2022 жылғы 11 ақпандағы жағдай бойынша: «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары» аймақта: Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары. «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.