• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Ақпан, 2022

Ердоған коронавирустан жазылып шықты

229 рет
көрсетілді

Коронавирус инфекциясын жұқтырғаннан кейін оқшауланған Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның COVID-19-ға тапсырған сынамасы теріс нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Түркия көшбасшысының емдеуші дәрігері, профессор Серкан Топалоғлы мәлімдеді.

«Соңғы екі күнде тапсырған ПТР-сынама теріс нәтиже берді», деді ол.

Дәрігердің айтуынша, мемлекет басшысы ертең жұмысқа оралуы мүмкін.

«Менің ойымша, жақын арада, тіпті ертең президент әдеттегі жұмыс уақытына оралады», делінген хабарламада.

Ердоғанға коронавирус диагнозы қойылғаны 5 ақпанда белгілі болды. Ол аурудың жеңіл белгілері басталғаннан кейін жұбайымен COVID-19-ға сынама тапсырып, тест оң нәтиже бергенін айтты.