• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 11 Ақпан, 2022

Қазақстанда 35 елдің вакцина паспорты жарамды

216 рет
көрсетілді

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушы Айжан Есмағамбетованың Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында жаңа қаулысы шықты, деп жазады Egemen.kz.

«Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құжаттардың үлгілеріне сәйкес Аргентина Республикасында, Белизде, Боливия мемлекетінде, Ұлыбританияда, Мажарстанда, Грузияда, Индонезия Республикасында, Иран Ислам Республикасында, Иорданияда, Канадада, Қырғыз Республикасында, Мальдив Республикасында, Моңғолияда, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Молдова Республикасында,  Перу Республикасында, Сан-Марино Республикасында, Сербия Республикасында, Тунис Республикасында, Үндістан Республикасында, Филиппин Республикасында, Таиландта, Түркия Республикасында, Черногория Республикасында, Чех Республикасында, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасында, Эквадор Республикасында, Эстония Республикасында және Жапонияда берілген азаматтардың КВИ-ге қарсы вакциналау паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын», делінген қаулыда.

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеге өтіп оқуға болады.